Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, индекс 021800

Телефон: 8 (716 51) 30-477

e-mail: ozspakmol@yandex.kz


Социальные сети

Бетбелгі

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады

22.11.2019
  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.
  • Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі!
  •  Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді.
  • Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.
  • Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.
  • Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады.

-1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен;

-6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді;

 -мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі.

- медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Құрылған күні: 22.11.2019 14:36
Жаңартылған күні: 22.11.2019 14:36
Қаралым саны: 361

Текст