Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, индекс 021800

Телефон: 8 (716 51) 30-477

e-mail: ozspakmol@yandex.kz


Социальные сети

Бетбелгі

 

Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі

Инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.

Инватакси қызметтерін көрсетуге айғақтамалар:

1) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуге медициналық айғақтамалары;

2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі
№ 750 қаулысымен бекітілген бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар болып табылады.

Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген медициналық ұйымның қорытындысы мүгедектерге инватакси қызметтерін көрсетуге негіз болып табылады.

Қызметтерді алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
035-1/у нысан бойынша медициналық ұйымның қорытындысы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі
№ 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес мүгедектіктігі туралы анықтаманың көшірмесі.

2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін, түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедекке қайтарылады.

Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектерге инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібінде көрсетіледі.

Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедекті қарсы алу, отрығызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда) жәрдемдесу, мүгедекті және ертіп жүретін адамды (болған кезде) өтінімде көрсетілген белгіленген пунктке дейін жеткізу кіреді.

Қажет болған кезде мүгедекпен бір адам еріп жүре алады. Еріп жүретін адамдар сапары тегін болып табылады.

Құрылған күні: 04.03.2020 17:36
Жаңартылған күні: 04.03.2020 17:37
Қаралым саны: 387

Текст