Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, индекс 021800

Телефон: 8 (716 51) 30-477

e-mail: ozspakmol@yandex.kz


Социальные сети

Бетбелгі

 

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу тәртібі

Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:

  1. Осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
  2. Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
  3. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.

            Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі функциялары мыналар:

  1. Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу.
  2. Дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу.
  3. Қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету.
  4. Үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу.
  5. Қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету.
  6. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру.
  7. Үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.


            Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды:

  • психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар;
  • тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек балалар;
  • он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер;
  • бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
  • егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын тұлғалар ресімдей алады.


            Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-на немесе аудандандық жұмыспен қамту бөлімі :

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Медициналық карта.
  4. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді).
  5. Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.
  6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмелері.
  7. Балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесін ұсынады.


 

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Үйде қызмет көрсету тәуліктің күндізгі уақытында ұсынылады.

Жазбаша өтінішті және басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.

Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулық жағдайы, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.

Айта кететін бір жайт, осы қызметті жоғарыда көрстелген адамдардың барлығы ала алмайды, өйткені он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуді ресімдеуден бас тарту ушін негіз болып табылатын белгілі бір медициналық қарсы көрсеткіштер бар, мысалы:

  • белсенді процесс сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖИТС;
  • мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулар;
  • жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулар; 
  • созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайлары;
  • айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулар, атап айтқанда: • мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулар;
  • эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдром;
  • тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулар;
  • айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлер.
Құрылған күні: 04.03.2020 17:38
Жаңартылған күні: 04.03.2020 17:38
Қаралым саны: 301

Текст