Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, индекс 021800

Телефон: 8 (716 51) 30-477

e-mail: ozspakmol@yandex.kz


Социальные сети

Бетбелгі

 

ХАБАРЛАМА

28.03.2020

        

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем төленеді:

- микро, шағын және орта бизнес қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері.

төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қойылған шектеулерге байланысты кірістер жоғалған жағдайда

Әлеуметтік қолдау алу үшін жұмыс берушілер «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық үндеу» қызметі арқылы Целиноград облысы әкімінің аппаратына қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жіберуі керек. Толық ақпарат алу үшін жұмыс беруші Целиноград ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады, телефондар: 8716-51-79013, 30-584, 30-586.

Сонымен бірге жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс өтілі мен соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты жұмысынан айрылғаны үшін бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлемдер ала алады. Ол үшін жұмыстан шығарылған қызметкер жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу және әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш беруі керек. Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті электронды үкіметтің веб-порталы арқылы беруге болады.

Құрылған күні: 28.03.2020 12:04
Жаңартылған күні: 19.01.2021 16:54
Қаралым саны: 310

Текст