Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, индекс 021800

Телефон: 8 (716 51) 30-477

e-mail: ozspakmol@yandex.kz


Социальные сети

Бетбелгі

 

Торегожа К.

Өзінің 25 жылдық даму кезеңінде әлем мойындаған үлкен жетістіктерге жетіп, биік асуларды еңсерген тәуелсіз еліміз үшін өткен 2016 жыл маңызды да қуанышты оқиғаларға толы болды. Солардың ең бастысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы дер едік. Сонымен бірге, бұл мерекелі де берекелі жыл қасиетті Қараөткел, көрікті Көкше өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуымен ерекшеленді.

Халқымыздың осы бір игілікті қадамына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы тың серпін бергені баршаға мәлім.

Әлемдік даму үрдісінің даңғыл жолына шыққан тәуелсіз қазақ елі үшін Мемлекет басшысының  күні кеше республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының да маңызы өте-мөте зор. Бұл мақаласында Елбасы тағы да бір рет көрегендікпен еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын, яғни, Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанына  шолу жасай отырып, экономикалық және рухани өсуіміздің өзегі – ұлттық сана, прагматизм, яғни, қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерту, ұлттық бірегейлікті сақтау, таяу жылдардың міндеттері туралы кесек ойлар айтады. Бұл орайда, Елбасы мақаласында ұлттың рухани жаңғыруына үлкен көңіл бөлінгені де бізді қуантпай қоймайды. «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің мағынасына тоқталған Мемлекет басшысы біздің, бұқаралық ақпарат құралдарының алдына замандастарымызды, аға ұрпақ өкілдерін өз мақалаларымыздың басты кейіпкерлеріне айналдыруды ұсынып отыр. Мұны да алдымызға қойылған нақты міндеттердің  бірі деп түсінеміз.

 

Қ. Торегожа

облыстық  «Арқа Ажары» газетінің бас редакторы

Құрылған күні: 01.08.2017 17:14
Жаңартылған күні: 01.08.2017 17:14
Қаралым саны: 526

Текст